Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 08-10 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы  «Қазгидромет» РМК

мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан   +37+42°С  қатты ыстыққа дейін,  облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз   +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз  +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

08 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні  15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қ.: 08 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

 

08 тамызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.  Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жезқазған қ.: 08 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық.

Жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

08 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында екпіні 18 м/с.

08-10 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 09-10 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қонаев қ.: 08-10 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.  

 

08 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

08-09 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Талдықорған қ.: 08-09 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

 

08 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

08 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

08 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында күші  15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

08 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

 

08 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

08 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау қ.: 08 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

08 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

08 тамызда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

08 тамызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 08 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 08 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

 08 тамызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с

Павлодар қ.: 08 тамызда түнде қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

                                                                                                      

08 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

 

  08 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

  Өскемен қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

08 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Жарияланған күні

07 тамыз 2025

Жаңарту күні

08 тамыз 2025