НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылдаған заңды іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрық жобасы әзірленді.

  Жобаны қабылдау құқықтық сенімділікті арттырады, нормативтік актілердегі ықтимал сәйкессіздіктерді жояды және олардың «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өзекті редакциясына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жарияланған күні

27 маусым 2025

Жаңарту күні

27 маусым 2025