Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 07-08 ақпанда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 

07 ақпанда Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

07 ақпанда Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау қ: 07 ақпанда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

 

07 ақпанда Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

 

07-08 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні                15-20, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Ақтөбе қ.: 07 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

 

07 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

 

07 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 07 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

 

07 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 07 ақпанда тұман күтіледі.

 

07 ақпанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

07 ақпанда Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан, шығысытан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

07 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екіпіні 15-20 м/с.

 

07 ақпанда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

07 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен қ.: 07 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

07 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с сақталады.

 

07 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

 

07 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 07 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 

07 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 07 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 07 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

 

07 ақпанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Жарияланған күні

07 ақпан 2025

Жаңарту күні

07 ақпан 2025