Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 10-11 қаңтарында күтілетін ауа райының  апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 

Гидрология департаменті:

Қапшағай СЭС-нан 164 км жоғары – Іле ө. гидрологиялық бекетінде мұз құбылыстары салдарынан су деңгейі қауіпті деңгейге жетті. Сағат 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 500 см (қауіпті деңгей – 500 см).

Гидрологиялық бекетте су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, сонымен қатар су деңгейі қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 

Гидрометорталық:

 Дауылды ескертулер сақталады:

09-11 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 09-11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 10 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 09-11 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

09-10 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 09-10 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

10 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 09 қаңтарда күндіз, 10 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 10 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

10 қаңтарда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні           23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 10 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Көкшетау қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.Қостанай қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз Жарма ауданында екпіні  23 м/с.

Семей қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Өскемен қ.: 10 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады екпіні          15-20 м/с.

10 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

10 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні  15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ: 10 қантарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 10 қаңтарда тұман,  көктайғақ күтіледі.

10 қантарда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

10 қаңтарда Алматы облысының облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 10 қаңтарда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

10 қаңтарда Атырау облысының батысында тұман күтіледі.                      

Жарияланған күні

09 қаңтар 2025

Жаңарту күні

09 қаңтар 2025