Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 28-29 желтоқсанында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

27-29 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 27 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, 28-29 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 27-29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 28 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

28 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Орал қ.: 28 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Атырау қ.: 28 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.                 

28 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдардағы көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

28 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде қар, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда түнде Ақмола облысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 28 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 28 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында  жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 28 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 28 желтоқсанда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Семей қ.: 28 желтоқсанда таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

28 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 28 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жарияланған күні

27 желтоқсан 2024

Жаңарту күні

27 желтоқсан 2024