Азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы жобаны іске асыру жөніндегі ақпарат
Көру саны:142
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 847 қаулысымен ТЖМ-ның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін: Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменттерін, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерін және жедел-құтқару жасақтарын қосу жолымен аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерін қайта ұйымдастыру жүргізілді. Осыған байланысты ТЖМ азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы 2024 жылғы 17 желтоқсанда жария талқылау жүргізу үшін «Ашық НҚА» порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15355368) орналастырылды.
17 желтоқсан 2024
17 желтоқсан 2024