Жер сілкінісі туралы ақпарат

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 сек жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің координаттары: 44.280 с.е. 79.740 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

Алматы қаласы 2 б.

Жаркент қаласы 4 б.

Чунджа ауылы 3 б.

Текелі қаласы 3 б.

Қырғызсай ауылы 2 б.

Қарабұлақ кенті 2 б.

Жансүгіров ауылы 2 б.

Көкпек ауылы 2 б.

Сарқант қаласы 2 б.

Талдықорған қаласы 2 б.

 

«Қазселденқорғау» АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.

 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

  1. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  2. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  3. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  4. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  5. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Жарияланған күні

26 қараша 2024

Жаңарту күні

26 қараша 2024