Дауылды ескертулер

Автожолдарда қозғалысты шектеу туралы ақпарат.

17-00 жағдай бойынша 21.11.

 

"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көрінудің шектелуі, үстіңгі қар, бұрқасын, көктайғақ) 3 өңірде республикалық маңызы бар а/ж 10 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыстың жабылуы және жүк және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалыстың шектелуі жоспарлануда (Ақмола, Қарағанды, Павлодар).

«Астана-Ерейментау-Шідерті» (36-200 км, Астана қ. - Павлодар обл.); 21.11. сағат 19-00-ден бастап.

«Екатеринбург - Алматы» (1291-1353 км, Жібек-Жолы кенті. - Қарағанды обл.) 21.11. 17-30-дан бастап.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» (36-200 км, Астана қ. - Павлодар обл.); 21.11. сағат 19-00-ден бастап.

«Екатеринбург - Алматы» (1291-1353 км, Жібек-Жолы кенті. - Қарағанды облысы). 21.11. 17-30-дан бастап.

Қарағанды облысы.

Ауа райына байланысты шектелген (көрінудің шектелуі, қар мен көктайғақ) 

Республикалық (4 учаскені) жабу жоспарлануда

«Алматы - Екатеринбург» (1505-1610 км, Новостройка с. - Ақсу-Аюлы к.)

«Екатеринбург - Алматы» (1353-1426 км, Ақмола облысы - Теміртау қ. ЖҚП)

«Қызылорда-Павлодар» (Молодежный кентінің 1066-1135 км - Павлодар облысы шекарасына дейін);

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара», (231-324 км, Павлодар облысы - Ботақара кенті).

Павлодар облысында ауа райына байланысты қар жауады, көру мүмкiндiгi шектеледi, республикалық бұрқасын болады (4 учаске)

«Астана-Ерейментау-Шідерті» (200-254 км Шідерті кенті - Ақмола обл.)

«Қызылорда-Павлодар-Успенка гр.РФ» (1135 - 1367 км Атамекен кенті - Қарағанды облысының шекарасы);

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара», (0-231 км, Қалқаман кенті - Қарағанды облысының шекарасы)

«Омбы - Майқапшағай» (190-390 км, Мичурино селосы - гр.РФ.);

21.11. сағат 19-00-ден бастап.

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 22-24 қарашада күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

24 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22-24 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 22-24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. 22 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың  батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. 22 қарашада Абай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

22 қарашада түнде Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 22 қарашада тұман күтіледі.

22 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні  15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 22 қарашада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 

22 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 қарашада түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 22 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

22 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Жезқазған қ.: 22 қарашада тұман күтіледі.

22 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 22 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 22 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ: 22 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында  күші 15-20 м/с.

қ. Шымкент: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

қ. Түркістан: 22 қарашада түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман,  жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Алматы қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман,  жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаев қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман,  жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

22 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Жарияланған күні

21 қараша 2024

Жаңарту күні

21 қараша 2024