Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 21-22 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау қ: 21 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр күтіледі.

21 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік.

Талдықорған қ.:  21 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

21 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, 21 қазанда солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай  күтіледі. 21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, 22 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 21-22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 22 қазанда күндіз найзағай күтіледі.

21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 21 қазанда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 21 қазанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

21 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Қызылорда қ.: 21 қазанда түнде найзағай күтіледі.

21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай қ.: 21 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

21 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

 

Жарияланған күні

20 қазан 2024

Жаңарту күні

20 қазан 2024