Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Шымкент қ.: 03 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

01-06 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

01-06 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02-03 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 04 қазанда күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-04 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қазанда облыстың таулы аудандарында, 03-04 қазанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.  02-04 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                                            

03 қазанда таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде  күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні  15-20 м/с.

03 қазанда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.   Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                                              

03 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

03 қазанда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

03 қазанда Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

03 қазанда Абай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

                                                   

Жарияланған күні

02 қазан 2024

Жаңарту күні

02 қазан 2024