Дауылды ескертулер

 

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 23-27 қыркүйекте күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында,                                    25 қыркүйекте күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. 24-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, 26 қыркүйекте көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24-25 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз                             жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ.: 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-4 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

25-27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 26-27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.  25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 25 қыркүйекте Қарағанды, Абай облыстарында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

22 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

22-24 қыркүйекте облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 22-24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

22-23 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-23 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі.                                         22-23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың аулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.  

22-23 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 22-23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

23 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 23 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 23 қыркүйекте найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 23 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

23 қыркүйекте Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 23 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан жел күтіледі таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

23 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

23 қыркүйекте Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні                       15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Астана қ.: 23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 23 қыркүйекте батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.    

23 қыркүйекте Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

23 қыркүйекте күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте Түркістан облысынның басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

23 қыркүйекте Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз                             екпіні 15-20 м/с.

23 қыркүйекте Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.  

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жарияланған күні

22 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

22 қыркүйек 2024