Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 04-05 қыркүйекте күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

03 қыркүйекте Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с күтіледі.

03-05 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 03-05 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

03-05 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

04 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 04 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

04 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 04 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Көкшетау қ.: 04 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

04 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 04 қыркүйекте күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

04 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 04 қыркүйекте батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйекте күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

04 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

05 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 05 қыркүйекте солтүстік-батыс жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

04-05 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 04-05 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйекте Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 04 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 04 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

04 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 04 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйекте Маңғыстау облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 04 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйекте түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 04 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

04 қыркүйек Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 04 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

04 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 04 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

04 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі

04 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Жарияланған күні

04 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

04 қыркүйек 2024