Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 31 тамыз-02 қыркүйекте күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

30-31 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 30-31 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 30-31 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

30-31 тамызда Жетісу облысытың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 30-31 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

01 қыркүйекте Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

01 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, 02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

01 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз 02 қыркүйекте басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

01-02 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

31 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 31 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

31 тамызда Ақмола облысының шығысында, орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с күтіледі

Павлодар қ.: 31 тамызда түнде найзағай күтіледі.

31 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 31 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

31 тамызда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 31 тамызда солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ: 31 тамызда найзағай күтіледі.

31 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 31 тамызда жел солтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 31 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 31 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

31 тамыз-02 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

01 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 31 тамыз-01 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

31 тамыз-01 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 31 тамыз-01 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

31 тамызда Алматы облысының облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Жарияланған күні

31 тамыз 2024

Жаңарту күні

31 тамыз 2024