«Ашық үкімет» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру

2024 жылғы 25-27 наурыз аралығында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта) «Ашық үкімет» порталында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің    ашық деректер тізбесін кеңейту туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізіледі. Интернет-конференциюға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/4299.

2024 жылғы 26-28 наурыз аралығында (сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) «Ашық үкімет» порталында «Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізіледі. Интернет-конференциюға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/4300.

Пайдаланушылардың сұрақтарына  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жауап беретін болады.

Сұрақ қою үшін азаматтарға dialog.gov.kz порталына кіріп, «Интернет-конференциялар» бөлімін таңдап, Министрліктің ашық деректер тізбесін кеңейту бойынша қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға және ұсыныстарыңызды қалдыруыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

27 наурыз 2024

Жаңарту күні

27 наурыз 2024