Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 03-04 наурызда

02-04 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02-04 наурызда  күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 03 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 02-04 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. 02 наурызда күндіз,  03 наурызда тәулік бойы кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

03 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 03 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

03 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 03 наурызда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

03 наурызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана қ.: 03 наурызда Түнде және таңертең тұман күтіледі.

03 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 03 наурызда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 03 наурызда түнде және таңертең  жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.

03 наурызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

 

Жарияланған күні

02 наурыз 2024

Жаңарту күні

04 наурыз 2024