«Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысы жобасының орналастырылуы туралы хабарландыру

Төтенше жағдайлар министрлігі соғыс уақытында халықты паналау үшін жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты құрылыстарын пайдалану жөніндегі ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірленді.

Сонымен қатар соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың қызметкерлері паналау үшін азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстарын қолдану жоспарлануда.

Жоба ҚР Үкіметінде қаралуда.

Жарияланған күні

01 наурыз 2024

Жаңарту күні

01 наурыз 2024