дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылғы 27 ақпанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

 Дауылды ескерту сақталады:

№ 08 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 24 ақпаннан

2024 ж. 24 ақпанның 21 сағ. 27 ақпанның 21 сағ. аралығы

25-27 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда күндіз, 26-27 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 25-27 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 25-26 ақпанда күндіз кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

 

№ 26 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 26 ақпаннан

2024 ж. 26 ақпан 21сағ. 2024 ж. 27 ақпан 21 сағ. аралығы

27 ақпанда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі  аудандарында тұман. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

№ 25 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 26 ақпаннан

2024 ж. 27 ақпан 04 сағ. 27 ақпан 20 сағ. аралығы

27 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 27 ақпанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

№ 17 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 26 ақпаннан

2024 ж. 26 ақпан 20 сағ. 2024 ж. 27 ақпан 20 сағ. аралығы

27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Орал қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жарияланған күні

25 ақпан 2024

Жаңарту күні

25 ақпан 2024