«Ашық үкімет» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарландыру

2023 жылғы 30-31 наурыз аралығында «Ашық үкімет» порталында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің    ашық деректер тізбесін кеңейту туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізіледі.

Пайдаланушылардың сұрақтарына  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жауап беретін болады.

Сұрақ қою үшін азаматтарға dialog.gov.kz порталына кіріп, «Интернет-конференциялар» бөлімін таңдап, Министрліктің ашық деректер тізбесін кеңейту бойынша қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға және ұсыныстарыңызды қалдыруыңызға болады.

Өткізу уақыты: 2023 жылғы 30 наурызда сағат 9.00-ден – 31 наурызда сағат 17.00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).

Интернет-конференциюға сілтеме:https://dialog.egov.kz/conference/3160.

Жарияланған күні

29 наурыз 2023

Жаңарту күні

29 наурыз 2023