Акционерное общество «Теңіз жасағы»

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Теңіз жасағы» АҚ теңіз бөлімшесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында және одан тыс жерлерде, Каспий маңы мемлекеттерімен жасалған халықаралық келісімдер шеңберінде мұнайдың апаттық төгілуінің салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар бөлімше азаматтық қорғау саласындағы өзге де міндеттерді орындайды.
Теңіз бөлімшесінің негізгі функциялары:
Теңіз акваториясы мен жағалау аумағында мұнай төгінділерінің алдын алу және олардың туындауына жол бермеу;
Мұнайдың, мұнай өнімдерінің және қауіпті жүктердің апаттық төгілуі жағдайларына жедел ден қою;
Апаттық жағдайлар кезінде қоршаған ортаның ластануы салдарын жою;
Теңіздегі апаттар мен оқиғалар кезінде көмек көрсету;
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде және жағалау аймағында төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Басшы: Бисалиев Берик Карлович
Адрес: Ақтау қаласы, Приморский шағын ауданы, 1, 11 ғимарат