Дауылды ескерту

25 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен және Семей қалаларында  түнде 25 наурызда  бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан түнде  екпіні 15-18 м/с соғады.

ШҚО ТЖД естеріңізге салады:

Халыққа мүмкіндігінше елді мекендерден шықпауға кеңес беріледі! Боран кезінде көріну нашарлайды,  кептеліс, жаппай жол-көлік оқиғаларының қаупі бар.

Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112»телефоны бойынша хабарлаңыз.

Жарияланған күні

24 наурыз 2022

Жаңарту күні

24 наурыз 2022