Абай болыңыз, қар көшкіні болуы мүмкін!
Жарияланған күні: 10 қаңтар 2022
Жаңарту күні: 10 қаңтар 2022
Көру саны:8
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10-13 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі бар.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қауіпті уақыт – қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейін жылымық, қатты жел екенін еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса – «112» ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір.
Жарияланған күні
10 қаңтар 2022
Жаңарту күні
10 қаңтар 2022
Жарияланымның авторы
Түрі