Дауылды ескерту 2021 жылғы 04 наурыздан
Жарияланған күні: 05 наурыз 2021
Жаңарту күні: 05 наурыз 2021
Көру саны:3
05 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 05 наурызда бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Семей қ.: 05 наурызда бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.