Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 тамызда  Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,  облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жарияланған күні

24 тамыз 2026

Жаңарту күні

24 тамыз 2026