Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 22 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде,  оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, онтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл  күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жарияланған күні

21 шілде 2026

Жаңарту күні

21 шілде 2026