Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 18-19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Өскемен қ.  жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жарияланған күні

16 шілде 2026

Жаңарту күні

16 шілде 2026