Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты  29 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ. да жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жарияланған күні

28 мамыр 2026

Жаңарту күні

28 мамыр 2026