Дауылды ескерту

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 24 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында  қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскемен қ. түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 24 ақпанда ауа температурасы түнде 21-23 аязға дейін күрт төмендейді.

Жарияланған күні

23 ақпан 2026

Жаңарту күні

23 ақпан 2026