Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 31 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ. кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай,  күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Жарияланған күні

30 тамыз 2025

Жаңарту күні

30 тамыз 2025