Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша   30 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.   Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ. найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

01-02 қыркүйекте облыстың шығысында, 03 қыркүейекте түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын - жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласады, күтіледі.

01-02 қыркүйекте облыстың шығысында, 03 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Жарияланған күні

29 тамыз 2025

Жаңарту күні

29 тамыз 2025