Дауылды ескерту

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ. найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 Облыстың таулы және тау етегіндегі аймақтарында  10-12 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

Жарияланған күні

08 мамыр 2025

Жаңарту күні

08 мамыр 2025