Дауылды ескерту
Жарияланған күні: 08 тамыз 2024
Жаңарту күні: 08 тамыз 2024
Көру саны:3
"Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 09 тамызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жарияланған күні
08 тамыз 2024
Жаңарту күні
08 тамыз 2024
Жарияланымның авторы
Түрі