Дауылды ескерту

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 30 наурызда түнде облыста жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын - көбінесе жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

2024 жылғы 30 наурыз – 02 сәуір аралығында облыстың аумағында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын мен жоғарғы температуралық фон болжамына, сондай-ақ қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, облыстардың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен мұз режимінің әлсіреуі, еріген қар суы мен беткейлік ағындардың қалыптасуы күтіледі.

Жарияланған күні

29 наурыз 2024

Жаңарту күні

29 наурыз 2024