Дауылды ескерту
Жарияланған күні: 25 наурыз 2024
Жаңарту күні: 25 наурыз 2024
Көру саны:3
"Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 26 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын - жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ. түнде жауын-шашын -жаңбыр, қар күтіледі.
ШҚО ТЖД азаматтарға мынандай кеңес береді:
- жолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
- жаяу жүргіншілер құлап қалудан сақтаныңыз, асықпаңыз
- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау, өйткені бұл судың кептелуіне әкеледі
- үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындау.
Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.
Жарияланған күні
25 наурыз 2024
Жаңарту күні
25 наурыз 2024
Жарияланымның авторы
Түрі