Дауылды ескерту 2023 жылғы 22 қыркүйектен

23 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын  (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзайғай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Өскемен қ: 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жарияланған күні

22 қыркүйек 2023

Жаңарту күні

22 қыркүйек 2023