Шығыс Қазақстанда найзағай, дауыл мен бұршақ күтілуде

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 10 маусым күні түстен кейін облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20,  23 м жетіп, күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.

Облыстың солтүстік-батысында, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жарияланған күні

09 маусым 2023

Жаңарту күні

09 маусым 2023