Артқа

Коңыршынов Дархан Ишамқұлұлы

Ұлытау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі

Жалпы ақпарат, білімі

Қоныршынов Дархан Ишамқұлұлы 1986 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Жезді кентінде дүниеге келген.

2008 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарады.

Мансап

Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымынан бастаған.

2008–2010 жылдары Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 жасағының №42 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға инженер қызметін атқарған.

2010–2013 жылдары №2 жасақтың №42 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2013–2015 жылдары №2 жасақтың №42 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы болған.

2015–2022 жылдары Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2 жасағы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2022–2024 жылдары Ұлытау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2024 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін Ұлытау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ бастығы болған.

2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы маусымға дейін Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2026 жылғы маусымнан бастап Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: