Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлім туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлім туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі (бұдан әрі –Бөлім) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
(бұдан әрі – Министрлік) Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімсі болып табылады. - Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
- Бөлім тұрады:
1) бастық;
2) бас маман;
3) аға инженер;
4) аға байланыс шебері
2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: Департамент бөлімлерінде ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру.
Функциялары:
- ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді;
- Департамент бөлімлерінің мүдделерінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді қарауды жүзеге асырады;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің бөлімлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектілендіру бойынша шаралар қабылдайды;
- жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге және өзге де
іс-шараларға қатысады; - нормативтік құқықтық актілерді және Бөлімге қатысты құқықтық актілерді дайындайды.
- Міндеті: ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы Департамент бөлімлерінің қызметін дамыту және техникалық қамтамасыз ету.
Функциялары:
- ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстауды жүзеге асырады;
- Департамент бөлімлерінің ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау бойынша ұсыныстар дайындайды;
- ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастырады;
4) Департамент бөлімлерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
6) Департамент мәжілістерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департамент бөлімлерінің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысады.
- Міндеті: Департаментте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді ;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді; 16) ;
4) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етюді.
- Міндеті: халықты құлақтандыру жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту.
Функциялары:
1) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2) облыс аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;
3) халықты құлақтандыру жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;
5) халықты құлақтандыру жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департаметтің аумақтық бөлімлерінің қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
6) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;
7) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізеді.
- Міндеті: ұшқышсыз ұшу аппараттары дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту.
Функциялары:
1) ұшқышсыз ұшу аппараттары техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2) облыс аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттары есебін жүргізеді;
3) ұшқышсыз ұшу аппараттары дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) ұшқышсыз ұшу аппараттары жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді.
- 10. Құқықтары мен міндеттері.
Бөлім өз құзыретінде құқылы:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;
2) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімлерінен қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді сұрату;
3) өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық бөлімлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыру;
4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау.
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлім басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Бөлім бастығы жүзеге асырады.
- Бөлім бастығын Департаменттің жетекшілік ететін Департамента бастығының орынбасары ұсынуы бойынша Департамент бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- 14. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент басшылығына департаменттің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімлерінің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Департаменттің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімлерінің лауазымдарына кандидаттарды келіседі;
4) Департамент бастығына Бөлім қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- 15. Құрылымдық бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімлерге жіберілетін құжаттарға Департамент бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
- Қажет болған жағдайда Бөлім осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.
4
19 ақпан 2026 16:28
19 ақпан 2026