Жалпы конкурс (Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы басшысы – бас бухгалтер (С-О-3 санаты, 1 бірлік)

Жалпыконкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

Жалпыконкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

С-О-3 санаты үшінжоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Жарияланған күні

11 қараша 2026 12:20

Жаңарту күні

11 қараша 2026

Бағыттар