Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Жарияланған күні: 16 мамыр 2022
Жаңарту күні: 16 мамыр 2022
Көру саны:9
"Қазақавтожол" ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, жарылыс жұмыстарына байланысты "Сарыөзек – Көктал" Республикалық маңызы бар автожол учаскесі 2022 жылғы 16 мамыр күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Республикалық маңызы бар автожол учаскесі (45-86 км) автооранспорттың барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жарияланған күні
16 мамыр 2022
Жаңарту күні
16 мамыр 2022
Түрі
Қызмет бағыты