Дауылды алдын ала ескерту

Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 19.05.2021 жылғы дауылды ескертуі негізінде 20 мамыр сағат 09-дан 20 мамыр сағат 21-ге дейін күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп ескертеді. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м / с.

Талдықорған қ. 20 мамыр күні таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының ТЖ Департаменті  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады. 

                                                   

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Жарияланған күні

19 мамыр 2021

Жаңарту күні

19 мамыр 2021