Дауылды ескерту

22.02.2021 жылғы №11 РИА "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуі негізінде  22 ақпан 21.00 сағатынан 25 ақпан 21.00 - ге дейін, күндіз 24 ақпаннан, 25 ақпанда тәулік бойы Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын жел күтіледі. Оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа көшуімен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. 25 ақпанда ауа температурасы 3-8 градус жылыдан, кей жерлерде 0-5 градус аяздан 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 18-23 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жарияланған күні

22 ақпан 2021

Жаңарту күні

22 ақпан 2021