Даулды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

«Қазгидромет» РМК 2023 жылғы 13 қазандағы дауылды ескерту негізінде 2023 жылғы 13 қазан сағат 21:00-ден 14 қазан 21:00-ге дейін.
14 қазанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (негізінен қар) күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қаласы: 14 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 18 м/с.

Тұрғылықты өңіріңіз бойынша дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жарияланған күні

13 қазан 2023

Жаңарту күні

13 қазан 2023