Артқа

Кәрімжан Рахман Кәрімжанұлы

Бастықтың бірінші орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Кәрімжан Рахман Кәрімжанұлы Ресей Федерациясы ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін "Техносфералық қауіпсіздік"мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР ТЖ министрлігі орталық аппаратының бас маманы қызметінен бастаған;

Әрі қарай Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарды:

2011-2016 жылдары Алматы қаласы ТЖ департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы;

2016 жылғы желтоқсаннан бастап-№9 МӨСБ аға инженері болып Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейін қызмет атқарды;

17.06.2019 ж. - Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданының ТЖ бөлімінің бастығы;

26.08.2024 ж. бастап – Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары.

15.04.2025-қазіргі уақытқа дейін-Алматы облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Жаңарту күні: