Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345 гранттарды тағайындау Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес нақты білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.  

Алайда, кейде ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектер білім беру гранттарынсыз қалып жатады.  

Бұл гранттардың бәсекелестік жүйеде таңдалған мамандықтардың кезектілігі және мемлекеттің кадрларға деген қажеттілігінің болжамдары негізінде қалыптасатын шектеулі орындар саны бойынша бөлінуіне байланысты. Жоғары балл – бұл автоматты түрде грант алу құқығы емес, тек өлшемшарттардың бірі ғана.  

Жыл сайын денсаулық сақтау, құқық, қаржы, маркетинг, халықаралық қатынастар, журналистика, математика мұғалімдері, шет тілдері, криптология сияқты мамандықтарға тұрақты түрде жоғары конкурс сақталады. Іс жүзінде бір орынға 7-ден 35 адамға дейін үміткер болады.  

Сонымен бірге конкурсқа өтініш беру кезінде талапкерлерде төрт мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігі бар, бұл олардың тек бірінші таңдауы бойынша емес, сонымен қатар әлеуметтік мәртебесі мен басқа да жетістіктерін ескере отырып, басқа таңдаулары бойынша да білім беру грантын алу мүмкіндігін кеңейтеді.  

Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ел экономикасы үшін кадрларға деген қажеттіліктің орта мерзімді болжамына сүйенетінін атап өткен жөн. Тиісінше, жоғары балы бар талапкерлердің барлығы бірдей білім беру грантын ала алмайды.  

ҰБТ-ның жоғары нәтижелері маңызды, бірақ Қазақстан Республикасында білім беру гранттары орындар санымен және экономиканың қажеттілігімен шектелген конкурстық бөлініс шеңберінде беріледі. Сондықтан ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтижелері бар кейбір дарынды түлектер білім беру грантынсыз қалады.  

1-мысал:

Қанаттың ҰБТ балы – 100. Ол «B057 Ақпараттық технологиялар» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 95 болды. Білім беру гранттары бөлінген, конкурс бір орынға 5 адамды құрады. Қанатқа білім беру гранты тағайындалды.

Нұрсұлтанның ҰБТ балы – 125. Ол «B140 Халықаралық қатынастар және дипломатия» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 128 болды, ал бүкіл республика бойынша бары-жоғы 20 грант бөлінген. Конкурс бір орынға 35 адамды құрады. Нұрсұлтанның ҰБТ балы Қанаттан жоғары болса да, грантқа өте алмады.  

2-мысал:

Әли ҰБТ-дан 85 балл жинады. Бұл жалпы конкурс бойынша «B009 Математика мұғалімдерін даярлау» БББТ бойынша шекті балдан (100 балл) төмен. Бұған қарамастан Әли ауылдық жерден болғандықтан, ауыл жастарына арналған қабылдау квотасы бойынша өтініш берді. Квота бойынша шекті балл 80 болды. Нәтижесінде Әли білім беру грантын алды. Қалалық балаларда ауылдық квота болмағандықтан, 90 балмен білім беру грантына өте алмады.