ҚР БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің Білім беруді цифрлық дамыту басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Білім берудегі ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету. Білім берудегі ақпараттандыру саласындағы әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу; ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Жетекшілік ететін жобалар бойынша техникалық ерекшеліктерді құру және сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды қабылдауды жүзеге асыру. Ақпараттық жүйелер мен ресурстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру. Министрліктің ақпараттық жүйелері мен деректер базасын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін жобалар шеңберінде сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды қабылдауға құжаттарды дайындауды жүзеге асыру. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.10.2021 – 11.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68