ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2024 жылғы 30 маусым аралығында)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Құқық (білім саласы)
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Психология
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестаттау істерінің нормативтік талаптарға сәйкестілігіне алдын-ала сараптама жүргізу; диссертациялық кеңестер қызметіне талдау жүргізу; ғылыми кадрларды даярлау мәселелері бойынша ақпараттық, талдамалық және басқа материалдарды дайындауға қатысу; алқалы органдардың мәжілістерін ұйымдастыру және жүргізу; аттестаттау істерін сараптау кеңестерінде қарау үшін дайындау; ғылыми дәреже мен ғылыми атақтарды бекіту, ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижесін жариялау үшін Комитет ұсынған Басылымдардың тізімін журналға қосу жөніндегі Комитеттің бұйрық жобаларын дайындау; ғылыми кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды - бейіні бойынша докторы және философия докторы (PhD) дипломдарын, профессор және қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаттарын рәсімдеу және жазып беру; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындауды ұйымдастыру (тапсырыс беру, сақтау, тізімдеу); бланктер бойынша есеп беру (беру, жою жөніндегі және т.б. актілер); бекітілген аттестаттау істері бойынша статистикалық талдау жүргізу; философия докторы (PhD), бейіні бойынша докторлық диссертацияларды қорғау туралы хабарламаларды қарастыру; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу, құжаттар дубликаттарын беру жөніндегі ұйымдардың және жеке азаматтардың өтініштерін қарастыру; басқармада іс жүргізумен айналысу; ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар бойынша электрондық мәліметтер базасын жүргізу; аттестаттау істерінің мұрағатқа өткізілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
-
8 (7172) 74-19-25, 8-707-649-69-68