Техникалық және кәсіптік білім департаменті Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұны және әдіснамасы басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 2022 жылғы 26 желтоқсанға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік, нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеу; оқытудың инновациялық технологиялары бойынша іс-шараларды іске асыру; бейін бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішін және тізбесін әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңын және Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру; оқыту технологиялары (кредиттік, модульдік), ECVET бірліктерін қайта есептеу жүйесі, қолданбалы бакалавриат мәселелері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар Студенттер үшін кедергісіз қол жеткізуді құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту, экстернат бойынша оқыту қызметін, қатаң есептегі құжаттардың нысандарын үйлестіру; аккредиттеу және лицензиялау; кәсіби стандарттар негізінде үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіру; құзыреттер мен функционалдық міндеттер шеңберінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2020 – 06.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.05.2020

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан, пр.Мәңгілік Ел, 8, 11 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

74-24-14, 74-20-71