Малайзияға 2018-2019 оқу жылдарына арналған магистратура мен докторантура білім беру гранттарының берілуі бойынша

Малайзиялық Техникалық Ынтымақтастық Бағдарламасы аясында Малайзия тарапы 2018-2019 оқу жылына арналған грантты алу мүмкіндігін ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген гранттар Малайзияның кез келген университетінде PhD (36 ай) және магистратура (12-24 ай) дәрежелерін алуға мүмкіндік береді.

Грант иегері атану үшін  үміткерлер келесі мамандықтар бойынша Малайзияның жоғары оқу орындарынаноқуға кабылдану жөнінде мақұлдаудыиемдену керектігін ескертеміз:

1. Ғылым және Инжиниринг;

2. Ауыл және Балық шаруашылығы;

3. Экономика және Исламдық қаржыландыру;

4. Ақпараттық және байланыс технологиялары;

5. Биотехнология;

6. Био-қауіпсіздік және азық-түлік қауіпсіздігі;

7. Инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер;

8. Экологиялық зерттеулер;

9. Денсаулық сақтау, медицина, клиникалық фармакология.

Грантты алуға мүдделі үміткерлер қажетті құжаттарды2018 жылғы 30 маусымға дейінкелесі электрондық пошталарына:mtcp@kln.gov.mужәнеinternational_scholar@mohe.gov.myжіберулері қажет.

Оқу гранты жөнінде толық ақпараттыhttp://mtcp.kln.gov.my/веб­сайтынан және қосымшада тіркелген кітапшадан алуға болады.

Қосымша

Жарияланған күні

11 маусым 2018