2018 жылғы 25 қарашадан бастап 14 желтоқсанға дейін Израильде ағылшын тілінде «New pedagogies in the 21 century – For Higher education teachers» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.

Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Израиль СІМ жанындағы «МАШАВ» Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің 2018 жылғы 25 қарашадан бастап 14желтоқсанға дейін Израильде ағылшын тілінде «Newpedagogiesinthe21century–ForHighereducationteachers» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.

Аталған курс жоғары оқу орындарының басшыларына арналған.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті жоғары білімнің, тиісті саладағы кәсіби еңбек өтілінің болуы және ағылшын тілін жоғары деңгейде білу қажет. «МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді.Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.

Өтінімдерді беру нысандары, қатысу шарттары және ақпараттық брошюралар Израиль Мемлекеті Елшілігінің сайтында орналасқан: hltp://embassies.gov.il/astana (Елшілік бөлімдері – МАШАВ – МАШАВ курстары). Құжаттар пакетін ағылшын тілінде электрондық нұсқада Астана қаласындағы Израиль Мемлекетінің Елшілігіне қарастыру үшін 2018 жылғы 24тамызға дейін  кешіктірмейmashav@astana.mfa.gov.ilэлектронды мекен-жайына жолдау қажет.

Жарияланған күні

04 шілде 2018