Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 25

2. Магистратура – 125

3. PhD докторантура – 10

 

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

*    Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

*    Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады:https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities

*Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.

 

Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады.

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail:admission@n-k.kz

 

Жарияланған күні

28 мамыр 2019